Жанармай мен сұйылтылған газ бағасы ақпаннан бастап көтеріледі
Ақпан айынан бастап Қазақстанда жанармай мен сұйытылған газ бағасы өседі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев баспасөз отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ мемлекет бағаға қатысты бақылауды азайтатынын жеткізді. Енді алдағы уақытта газ құнының шекті бағасы 64 теңге мен 98 теңге аралығында болмақ.